Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 14.06.2022 жылғы нұсқауына сәйкес, 2022 жылдың 27-29 маусым аралығында Отырар ауданы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» алдын алу іс-шарасы өтуде.
Аталған шараның негізгі мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен оларға қатысты қылмыстың алдын алу болып табылады.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарының м.а. полиция капитаны Қ.Қалманов, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі М.Бөрібеков пен Ювенальды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Т.Меңлібаевтар аудан орталығында жасөспірімдер шоғырланатын ғимараттарға, ойын-сауық кешендеріне, дүкендер мен көңіл-көтеретін орындарға жасалған рейдтік шара барысында тұрғындарға ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы 1 бөлігі Кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін ойынхана ошақтарында болғаны үшін заңды өкілдеріне 3 АЕК есебінде айыппұл салынатындығы ескертілді.
Сондай-ақ, осы заңның 442 бабы 2 бөлігіне сәйкес кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден кейін болуына байланысты 4 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды.
Барлық сыртқы қызметтер, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.