Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ОТЫРАР: «АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

ОТЫРАР: «АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 12 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз балалар» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалық іс шара өткізілетін болады.
Аталған шараның мақсаты балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғалары себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен көлік жүргізушілерінен сауалнама алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*