Қазақстан Республикасы ІІМ- нің тапсырмасына сәйкес республикалық » Жолда қабылдау» акциясы аясында 2022 жылдың 17-18 маусым күндері Келес АПБ- ның ұйымдастыруымен Абай ауылында орналасқан АПБ-нің азаматтарды қабылдау бөлмесінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.
Акция барысында Келес АПБ-ның бастығы, полиция полковнигі Болат Қаныбеков, Келес АПБ ӘПБ бастығы, полиция майоры Айдос Қарақұлов қатысып, азаматтарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Жалпы акция аясында 20-дан аса азамат жүгініп, азаматтар тарапынан көшелерде жол белгілерін қою, мектептердің алдына және оқушылар өтетін көшелерде жасанды жол кедергілерін орнату, айыппұлдар өндіру жөнінде сұрақтар қойылып, бөлім бастығы мен орынбасарлары тарапынан жауаптар беріліп, алдағы уақытта орындалатын бірқатар мәселелер бөлім басшысының бақылауына алынды.