Келес ауданында «Adal komek» жобасы шеңберінде тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында түсіндіру шаралары жалғасуда. Аталған шара Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимаратында ағымдағы жылдың 27 – шілдесінде сағат 10-00 ден 12-00 аралығында өтуі жоспарлануда.
Тұрғындарды қабылдау «Тұрғын үй алуға кезекке тұру мәселесі» тақырыбында өрбіп, тұрғындардың сауалдарына жауап беріледі.
Аудан тұрғындарын аталған жоба аясында өтіп жатқан шараға белсенді қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді жауапты маманға қойып, тиісті жауаптарын алуға шақырамыз!