Созақ ауданының «Мыңжылқы» мәдениет үйінде Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйледі.
«Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін мен мемлекет Тәуелсіздігін сақтау жолында полиция қызметкерлері өз үлестерін қосып келеді. Олардың қатарында аудандық полция бөлімі қызметкерлері бар екенін мақтанышпен айта аламыз. Өңірдің қауіпсіздігімен қылмыстың алдын-алу жолында күн-түн демей қажырлы еңбек етіп келеді. Полиция қызметкерлерінің төл мерекелерінде құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектері үшін алғыс білдіремін»,- деді аудан басшысы. Үздік қызмет көрсетіп, қырағылығымен танылған полиция қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.
Аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев жылы лебізін арнап, бірқатар полиция қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымның қазіргі атқарып отырған жұмысына тоқталды. Сондай-ақ аудан прокуроры Ержан Қожабеков, құттықтау лебізін білдірді.
Полицияның құрылғанына 30 жыл толуына орай өткен салтанатты жиын, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.