Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Созақтық тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді

Созақтық тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін Созақ ауданы әкімдігі ғимаратындағы фронт-офис бөлмесінде «Adal komek» көмек жобасы аясында «Тұрғын үй мен жер алу кезегіне тұру мәселесі» тақырыбында азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді. Тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі бойынша жүгінген Шолаққорған ауылының тұрғыны А. Тұрлыбековаға, ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов заң аясында жауап беріп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлмира Оспанова, жер учаскісін қалай алу мәселесі бойынша сауал жолдаған А. Палуанова мен А. Жұмаділдаеваға жауап берді.
Апта сайын тұрғындарды толғандырған сауал бойынша «Adal komek» көмек жобасы бойынша құқықтық көмек көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*