Созақ ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Бакиров Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді.
Жиын барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен өзгерістер енгізілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары түсіндірілді.
Жиынға ауылдық округ әкімі мен аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатысты.