Созақ ауданы әкімдігі ғимаратындағы фронт-офис бөлмесінде «Adal komek» көмек жобасы аясында аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Талғат Қалдыбеков, тұрғындардына «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру» бойынша құқықтық көмек көрсетті.
Шолаққорған ауылының тұрғыны Ақмарал Нұрлаева, сондай-ақ Роза Ибрахимова көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Талғат Қалдыбеков, түсіндіру жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.