Облыс прокуроры Марат Алихановтың төрағалық етуінде облыс прокуратурасының 2022 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісін ашып, облыс прокуроры ағымдағы жылдың 6 айында азаматтардың құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғауға, аймақтағы қылмыстылық және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына басты назар аударылғанын атап өтті.
Көрсетілген мерзімде атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттер бойынша облыс прокурорының орынбасарлары баяндама жасады.
Үйлестіру шараларының нәтижесінде, бірінші жартыжылдықта жалпы қылмыстық құқықбұзушылық төмендеді, сондай-ақ аса ауыр қылмыстар 25%, қаржылық пирамида 67%, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қатысты қылмыс 45% төмендеді.
Сонымен қатар бизнес субъектілеріне қатысты жүргізілген қылмыстық істерге талдау жүргізіліп, заңсыз басталған 7 тергеп-тексеру тоқтатылды, 8 жедел есепке алу істерінің күші жойылды.
Қоғамдық мүддені қорғау саласында басым бағыттар бойынша 246 мың тұлғаның құқықтары қорғалды, 13 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылды, , жұмысшыларға 411 млн. теңге жалақы қарыз өндірілді, 16 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды, бюджетке 667 млн. теңге өндірілді, 1,2 млрд. теңгеге мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алқа мәжілісінің қорытындысымен облыс прокуроры басым бағыттарды айқындап, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.