Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысының Үйлестіру кеңесінде көші-қон мәселелері қаралды

Түркістан облысының Үйлестіру кеңесінде көші-қон мәселелері қаралды

Түркістан облысының прокуроры М.Алихановтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде Республика аумағында көші-қон жағдайын реттейтін заңнамалардың қолдану заңдылығы, сондай-ақ уәкілетті органдардың қызметінің тиімділігі қаралды.

Барлығына белгілі, екі жылға созылған пандемия кезінде шекара арқылы шетел азаматтарының еркін өтуі уақытша шектелген.

Шектеу шаралары алынған соң, ағымдағы жылдың 5 айында Түркістан облысына келген 15 мыңнан астам еңбекші мигранттарға жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Прокурорлармен бұл саладағы бір қатар кемшіліктер мен шешімін таппай жатқан проблемалар анықталды.

Негізгі заңдылықты бұзушылықтар шетелдіктерді тіркеу, олардың келіп-кетуіне бақылаудың болмауы, жалған құжаттарды пайдаланумен байланысты болуда.

Еңбек мигранттарының ағынына тиісті бақылаудың болмауынан және қажетті шаралардың қолданылмауынан, бюджетке тиісті түсімдерді өндіруге, сонымен қатар аймақтағы жұмыссыздықты төмендетуге кері әсерін береді (аймақта 40 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген).

Еңбек мигранттарының қызметінен салыққа 400 млн. астам теңге кіріс болмаған.

Көш-қон полиция қызметкерлерімен (ішкі істер органдары сотқа жүгінуі тиіс), қылмыс жасаған шетелдіктерді шығару жіберу мәселесі қаралмаған.

Соңғы 3 жылда (2020-2022жж.) 300-ден астам шетелдік қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Республика аумағынан шығарылуы керек еді.

Отырыста, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар талқыланды.

Үйлестіру кеңесінде барлық уәкілетті органдардың қатысуларында жұмысшы тобын құру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге ұсыныс әзірлеу туралы шешім қабылданды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*