Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер талқыланды

Денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер талқыланды

Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алиханов өткен алқа мәжілісінде денсаулық саласындағы жүйелі заңсыздықтарға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау орнатпағанын сынға алды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру облысымызда оң нәтиже беріп жатқанымен, өздерін өздері жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар арнайы жарналар төлемеген жағдайда, оларға стационарлық ем қабылдау барысында қиындық туғызуда.

Сондықтан уәкілетті органдар басшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп, азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекті алуына қол жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін алды.

Прокуратураның тексеруімен азаматтардың медицина қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне қатысты жазған арыз-шағымдары тиісті түрде қаралмайтыны анықталып, ол туралы құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді.

Сонымен бірге, азаматтардың ем алу тәртібі мен сапасын сақтау және «Covid-19» індетіне қарсы дайындық іс-шаралары мен емдеу сатысындағы кейбір кемшіліктер ескерусіз қалмады.

Алқа мәжілісінің қорытындысымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*