Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Азаматтардың шағымдары мен өтінішхаттары прокурорлардың тұрақты қадағалауында

Азаматтардың шағымдары мен өтінішхаттары прокурорлардың тұрақты қадағалауында

29 маусым 2022 жылы Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алихановтың төрағалығымен облыстың қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшылары мен олардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа мәжілісінде қылмыстық қудалау органдарымен процеске қатысушылардың шағымдары мен өтінішхаттарын қарау заңдылығы талқыланды.

Ескеру қажет, қылмыстық қудалау органдарының басты бағыттарының бірі ретінде қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдары мен өтінішхаттарын уақытылы әрі сапалы қарау болып табылады.

Бұл туралы ел Президентімен бірнеше рет айтылған.

Осыған орай осы бағытта облыс прокуратурасымен кешенді тексеру жүргізіліп, нәтижесімен бірқатар кемшіліктер анықталды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдарының басшыларына мағыналас заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында ведомстволық бақылауды күшейту және пәрменді шаралар қолдану туралы тапсырмалар берілді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*