Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » САРЫАҒАШТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

САРЫАҒАШТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов Сарыағаш ауданына арнайы іс сапармен келіп, семинар кеңес өткізді. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы А.Шамбулов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі қызметкерлері және аудан әкімдігіне қарасты бөлім қызметкерлері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — өңірдегі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарда ұжымдық адалдық стандарттарын сақтау бойынша ақпараттық және ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жиында Ержан Әліұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, еліміздегі кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандырып, заңда барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңызды аспектілерін түсіндірді. Тұжырымдамада негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын жеткізді.
Шара соңында жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы айтылып, тақырып аясында бірқатар сауалдар жолданып, өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, 1424 колл орталыққа нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлауға болады. Қоңырау шалу тегін, әрі құпия.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*