Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Сарыағаш аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендеті тақырыбында өтті.

Отырысқа аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы У.Рахиев,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жүнісов, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Шамбулов, аудандық мәслихат депутаты Ш.Ибрагимов, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтерінің әкімдері мен Сарыағаш аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері  мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша видеоролик көрсетіліп, одан кейін күн тәртібінде білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, проблемалық мәселелердің шешу жолдары бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланды.

Іс шарада Қоғамдық кеңес мүшелері  мен БАҚ өкілдері тарапынан сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, заң шеңберінде тиісті жауаптар берілді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*