Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2021 жылдың 14 қазан — 24 қараша аралығында облыстық Көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының қорытындысы баяндалды.
Іс-шараға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Асылбек, облыстық көліктік бақылау инмспекциясы басшысының орынбасары Ғ.Байсеитов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ш.Сүттібаев және «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның облыстық филиал өкілдері мен департамент, инспекция, басқарма қызметкерлері қатысты.
Жиында Сәбит Әсетұлы сөз алып, талдау барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.
Жүргізілген талдау барысында әкімшілік тәжірибенің реттілігі сақталмауына байланысты тәуекелдер, сонымен қатар, жүк көліктерінің салмағы мен көлемін өлшеу барысында бірқатар кемшіліктер жіберілетіні байқалғандығы атап өтілді.
Жиын соңында аталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігі ескертілді.