Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » КЕНТАУДА: «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА: «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Кентау қаласының аумағында 2022 жылдың маусым айының 13-17 күндері аралығында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдері қалыптасқан көлік жүргізушілерін тексеру. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда көлік иелеріне айыппұл салынып, көліктер айып тұрағына жеткізілетін болады.
Бүгінгі таңда 25 көлік иесіне айыппұл төлеу керек екендігі ескертіліп, 2 көлік айып тұрағына орналастырылды.
Қала тұрғындарының назарына!
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды 50 % жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде айыппұлды өндіру жөнінде ескертеміз.
Айта кетейік, егер айыппұл ерікті түрде өндірілмеген жағдайда мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлаймыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*