Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШАРДАРА: «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

ШАРДАРА: «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2022 жылғы 23 маусымдағы №1-5-5-71/3184-И шығыспен жолдаған талап хаты негізінде, 2022 жылғы 30 маусым мен 04 шілде аралығында облыс көлемінде Көліктік бақылау инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Мемлекеттік кіріс департаментінің, көлік прокуратурасының қызметкерлері және басқа да қоғамдық өкілдерінің қатысуымен бірлескен «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында, Заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, сондай-ақ техникалық жағдайы және конструкциясы бекітілген жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды (такси) пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылданып, кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынады.
Одан бөлек, шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыратын көлік құралдарын анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 575-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ықпал жасалады.
Құрметті аудан тұрғындар жол қауіпсіздігі қатаң ережелерін сақтап, қоғамның түзелуіне үлес қосыңыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*