Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Серуенге шығып, құрбысының ақшасын ұрлаған жас қыз ұсталды

Серуенге шығып, құрбысының ақшасын ұрлаған жас қыз ұсталды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, ол «Қошқар ата» тауына достарымен серуенге шыққан. Сол мезетте өзінің сөмкесінің ішінде тұрған 50 000 теңгесін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабар түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті жас қыз анықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақын таныстар. Жас қыздар демалу үшін таулы аймаққа бірге барған. Оңай олжалы болуды ойлаған сезікті ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, ақшаны қолды еткен.
Күдіктіден айғақты зат ретінде 36 000 теңге алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздерінің бағалы және ақшалай заттарына сақ болуды ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*