Полицейлер есірткіге қарсы жаднамалар іліп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz.
Полиция қызметкерлерінің есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте атқарар жұмыстары сан алуан. Осы іс-шараны тиісті деңгейде атқару үшін, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз!» тақырыбында адамдар көп шоғырланатын орындарға барып, үнпарақтар ілді.
Олар дүкендерді, тамақтану орындарын, қоғамдық орындар мен көше қиылыстарын да тыс қалдырмады. Сонымен қатар тұрғындарға есірткі қылмысының алдын алу мақсатында ескерту жұмыстарын жүргізіп, есірткінің заңсыз айналымы, тасымалы, қандай да бір заңсыз әрекет – жазасыз қалмайтындығын ескертті.