Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тауып, қамауға алды

Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тауып, қамауға алды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, тұрғын үйінің ауласына белгісіз біреу кіріп, қорасынан темір кесетін құрылғыны ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Қылмысты ашу үшін полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Іздеу жұмыстары еш тоқтамастан бірнеше жылға жалғасты. Яғни бой тасалап жүрген күдіктіні табу жұмыстары бір сәтке үзілмеді.
Соның нәтижесінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2 жыл бойы іздеуде жүрген, күдікті ер адамды Қарағанды қаласынан тауып, қамауға алды. Оның бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотты болғандығы белгілі болды.
Тексеру кезінде полицейлер ер адамның осы уақытқа дейін Қарағандыда жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істегендігін анықтады.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген қылмыстың өтеуі – жаза екендігін ескертеді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*