Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер есірті алып жүрген ер адамды ұстады

Полицейлер есірті алып жүрген ер адамды ұстады

Полицейлер өзімен бірге марихуана есірткісін алып жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу шараларын тұрақты жүргізіп, күн тәртібінен түсірген емес. Мәселен, полицейлер «Қарасора-2022» іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады.
Тәртіп сақшылары ер адамды тексеру кезінде, ол өз еркімен полиэтилен пакетке оралған 1 бума есірткіге ұқсас затты ұсынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*