Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Түркістан: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Түркістан облысының полицейлері жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Оның ішінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдарда рейдтік-профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда. Жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түрлі құқық бұзушылықтар анықталуда.
Мәселен тәртіп сақшылары «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының Қазығұрт-Сарыағаш бағыттарына қарай жалған мемлекеттік нөмір таққан 3 жайтты, мас халде көлік жүргізген – 3 жайтты, жолдың қарама қарсы бағытына шыққан – 4 жайтты анықтап, құқық бұзушы жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды.
Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жол апаттарының алдын алу, болдырмау үшін: арақашықтықты ұстануға, жылдамдықты асырмауға, жолда жүру ережесін сақтауға, ішімдік ішіп көлік тізгіндемеуге, көлік басқарып отырып, ұялы телефонмен сөйлеспеуге кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*