Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «1 000 000 теңге ұттыңыз» деп 10-нан астам тұрғынды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

«1 000 000 теңге ұттыңыз» деп 10-нан астам тұрғынды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Олардың айтуынша, ұялы телефондарына белгісіз ер адам хабарласып, 1 000 000 теңге ұтыс ұттыңыз деп сенімдеріне кірген. Аталған ірі көлемдегі қаражатты алу үшін тұрғындардан 10 000-30 000 теңге көлемінде ақша алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Хабар алысымен мақтааралдық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлер алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы тұрғындарды алдаған жұмыссыз, жас жігіт екені анықталды. Оның жеке-басы анықталып, ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті инстаграм әлеуметтік желісінен «Komek_Halikka» атты парақша ашып, сол арқылы тұрғындардың ватсабына шыққан.
Одан әрі сенім білдіргендермен тілдесіп, 11 тұрғыннан 250 000 теңгеге жуық ақша алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер осы қылмыстық істі соңына жеткізу үшін, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нақты дәлелдерді келтіре отырып, іс-құжаттарын жинақтады. Осылайша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бүгінде Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдіктінің кінәсін мойындауы, шығынды өтеуі мен бұрын сотты болмағаны ескеріле отырып, 26 жастағы жұмыссыз жас жігіт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады. Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісіне хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*