Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің полицейлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2022 жылдың 7 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1630 құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» — 103, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» — 5, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы «Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы» — 3, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзуы» — 1, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» — 41 құқық бұзушылық тіркелді.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» — 489, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» — 440, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» — 24, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» — 206 құқық бузушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу» — 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» — 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бап 2- бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» — 227, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» — 74 құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды тексеру кезінде адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас халде жүрген 206 тұлғаны анықтап, олардың әрқайсысына айыппұл салған.