Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысының полицейлері жер алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адамды анықтады

Түркістан облысының полицейлері жер алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адамды анықтады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізді. Яғни жәбірленушінің айтуынша, өзіне таныс ер адам 12 соттық жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Осылайша күдікті алдау жолымен 2022 жылдың наурыз айында оның 4 миллион теңге ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Жедел-тергеу тобы арызданушы жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ҚПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті заңсыз әрекет жасау үшін әртүрлі өтірік сөздерін айтып жәбірленушіден ақша алған. Ал сезікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез келген адамға сенбеңіздер деп ескертеді. Мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға дағдыланыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*