Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған бойжеткенді анықтады

Полицейлер көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған бойжеткенді анықтады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын әшекей бұйымдарын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 300 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық» бойынша тіркеді.
Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Сарығаш АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, үйдің айналасы жіті қаралды. Нәтижесінде сарығаштық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, күдікті бойжеткен жергілікті тұрғын, жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажетіне жаратқан. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде әшекей бұйымдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттар мен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*