Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жалған түбіртек көрсетіп, алтын алқаны алып кеткен әйел анықталды

Жалған түбіртек көрсетіп, алтын алқаны алып кеткен әйел анықталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің жұмыс жасайтын сауда орталығынан белгісіз біреу алтын алқа сатып алып, ұялы телефоннан жалған түбіртек көрсетіп, алдап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 270 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Олар алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті Сайрамға оңай олжалы болуды көздеп келген. Сезікті әйел дүкенге тұтынушы болып кіріп, сатып алған алтын үшін жалған түбіртек көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Әйел адам сатып алған алтынды өзінде сақтаған. Полицейлер айғақты зат ретінде алтынды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтық қылмысына тап болмас үшін кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*