Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Қазығұртта рейдтік іс-шара қатаң бақылауда

Қазығұртта рейдтік іс-шара қатаң бақылауда

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның басты мақсаты — жол көлік оқиғаларының алдын-алу.
Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараны күшейтті. Мәселен полицейлер атқарылған жұмыс нәтижесінде, кәмелет жасына толмаған баланың көлік тізгіндеп келе жатқанын байқап, бірден аталған «Ravon R-3» маркалы автокөлікті тоқтатпақ болды. Алайда жүргізуші көлікті тоқтатудан бас тартты. Жедел іске кіріскен полицейлер құқық бұзушылардың соңынан қуып жетіп, тоқтатты.
Тексеру кезінде жас жүргізушінің кәмелет жасына толмағандығы белгілі болды. Содан тәртіп сақшылары аталған көліктің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруына беру» бойынша хаттама толтырды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көлікті тек жүргізуші куәлігі бар, заңды иесі айдауы керектігін ескертеді. Кәмелетке толмағандарға көлікті мүлде беруге болмайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*