Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, өзінің қоршаулы егістік алқабына қамап кеткен сиырын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 600 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, жас жігіт Мақтаарал ауданына егін егу үшін келген. Ол егістік алқапта жүрген сәтте, тұрғынның сиырын көріп, оңай олжалы болуды көздеген. Сезікті жігіт «Газель» маркалы автокөлігіне сиырды тиеп, егістік алқаптан жымқырып кеткен. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыс полицейлері тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу үшін бақташы жалдауға кеңес береді. Сонымен қатар малдарыңызды жайылымға қараусыз жібермеуді сұрайды.