Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 9-19 тамыз аралығында Түркістан облысында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілді.
Оның негізгі мақсаты — балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына жол бермеу және балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрысымен байланысты дағдыларын нығайту.
«Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан қ. ПБ-ның әкімшілік полиция қызметкерлері көше-жол белгілерін тексеріп, соның ішінде мектептер мен балабақшаларға жақын маңда таңбаларды орнату жұмыстарын жүргізді.
Мәселен, Түркістан қаласындағы Бірлік шағын ауданында балабақша алдындағы жолға 3 жасанды тегіс емес және 28 жол белгісі, оның ішінде «Жол беріңіздер» таңбасының 14-і мен «Басты жол» белгісінің 12-сі, Тұраққа тыйым салынады! деген таңбаның екеуі орнатылды.
Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жолдарда мұқият болыңыздар!
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары