Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Өзгенің затын жасырын жымқырып кеткен күдікті құрықталды

Өзгенің затын жасырын жымқырып кеткен күдікті құрықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, «Атакент-Жетісай» тас жолының бойында оның «Asbike» маркалы велосипедін белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткен.
Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшалары хабарлама келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті жеңіл жолмен ақша табуды көздеген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*