Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер Түркістан қаласының көшелерінде профилактикалық рейд жүргізді

Полицейлер Түркістан қаласының көшелерінде профилактикалық рейд жүргізді

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан қалалық ПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығының жолдарында жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтауы бойынша кезекті рейд өткізді. Шараға Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев қатысып, патрульдік полиция экипаждарының қызмет атқаруға және қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Сондай-ақ, рейдте «Автоураган» жылжымалы мобильді кешені іске қосылды, бұл жол қозғалысы ережелерін бұзушылар мен көліктер арасында айыппұл төлемегендерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарын азайту, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолдарда, әсіресе түнгі уақытта мұқият және қырағы болу, ал жолда шаршау кезінде тоқтап, демалу қажеттігін еске салды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері автоәуесқойларға жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша практикалық кеңестері бар жаднамалар таратты және жылдамдық режимінен асып кетпеу, маневр жасау қағидаларын бұзу, ең бастысы рульге мас күйінде отырмау керектігін тағы да еске салды. Өйткені, жол қателіктерді кешірмейді!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*