Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, сағат 14:20 шамасында аудандағы дәмханалардың бірінде өзіне тиесілі «Самсунг А-51» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге алынды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камерасын қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел дәмханада еден жуушы болып жұмыс жасайды. Ал күдікті дәмханаға өзінің таныстарымен тамақтануға келген. Содан жәбірленуші еден жуып жүрген сәтте, сезікті үстел үстінде тұрған ұялы телефонды байқап, бірден жымқырған. Күдікті жас қыздан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда жас қызға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыс полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін жеке құнды заттарға сақ болуды ескертеді.