Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Мас халде автокөлік басқарған азамат қамауға алынды

Мас халде автокөлік басқарған азамат қамауға алынды

Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» іс шарасы кезінде аудан көшелерінің бірінде түнгі уақытта артқы жарық шамы жанбай келе жатқан «Ваз-2101» маркалы автокөлігін көреді. Содан жергілікті патрульдік полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Талғат Маратұлы Әскер жүргізушіні тоқтатып тексеру барысында жүргізушінің мас халде екеніне күдіктенеді. Белгілі болғандай, көліктің иесі 2019 жылдың қазан айында соттың қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін, жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екенін растады.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабымен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» тіркеді. Ер азамат қамауға алынып, оған қатысты іс-құжаттар сотқа жолданды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*