Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і Д.Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді, 86 депутат Ұ.Сәдібековті таңдады.
Сессиядан кейін облыс активінің отырысы өтті. Жиында Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын оқып берді. Президент Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы тағайындалды.
Ел Президенті Шөкеев Өмірзақ Естайұлына аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғысын айтты.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандықтары: экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген. 2018 жылы Шымкент қаласынан Сенат депутаты болып сайланды. 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*