Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Ауыл шаруашылығы » ҚАЛА ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте тұрғындарды сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде шаруа қожалықтарының үлесі зор. Солардың бірі — Еңбекші ауданы, Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасы. Ферма ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді.
Аталған шаруақожалық жұмысымен танысу мақсатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы Абдуллабад тұрғын алабына барды.
Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы ең алдымен Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды (Симменталь) сиырларды алып келіп, өз жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ірі қара мал басының саны 317-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны 161 басты құрап отыр.
Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруа қожалылығында заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар және сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары бар. Бұдан бөлек, мал азығын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен, ауыл шаруашылық техникаларымен қамтылған. Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады.
Өндірілген сиыр сүтіне және сатып алған жемдік азықтың құнына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен былтыр 15,4 млн теңге субсидия бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетілген.
Биыл асыл тұқымды мал басын арттырып, 350 миллион теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр.
— Таза сүтке сұраныс үнемі жоғары. Сүт, ет – тұрғындардың басты азығы. Қала халқын ауылшаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, — деді шаһар басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*