Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕГІ «ҚАСҚАСУ-С ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ 12 АЙ ІШІНДЕ 300 ТОННА ТАЗА ЕТ ӨНДІРГЕН

ШЫМКЕНТТЕГІ «ҚАСҚАСУ-С ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ 12 АЙ ІШІНДЕ 300 ТОННА ТАЗА ЕТ ӨНДІРГЕН

Шымкент қаласында бүгінде 100 бастан жоғары ірі қара мен жылқы малдарын бордақылайтын 30-дан аса мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс жасауда. Солардың бірі – «Қасқасу-С» шаруа қожалығы.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған қожалық жұмысымен танысу мақсатында Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабына барды.
Шаруа қожалық 2017 жылы өз жұмысын бастаған. Ең алдымен 600 басқа арналған қора жай құрылысын салып, бұқашықтарды бордақылауға кіріскен. Былтыр саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкер қосымша 700 басқа арналған мал ұстайтын қоражайды салған. Нәтижесінде 12 ай ішінде 1 180 бас бұқашықты бордақылап, 330 тоннаға жуық таза ет өндірген.
Қала әкіміне қожалық иесі биыл қосымша 500 бас бұқашыққа арналған қоражай құрылысын жүргізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
— Қала тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде мал шаруашылығы саласының алар орны ерекше. Жұмысыңызды көріп қуанып отырмын. Осындай жаңа бастамаларға қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз. Өндіріп отырған азық — түлік тауарларын делдалсыз әлеуметтік дүкендерде сатылуын қамтамасыз ету қажет, — деп Мұрат Әйтенов тиісті басқарма басшыларына тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*