Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Жолдау өңірлердің дамуына ерекше серпін берері хақ.

Жолдау – оң өзгерістердің бастауы. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы да өңірлердің дамуына ерекше серпін берері хақ.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының Жолдауын Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқарма мен бөлімдерінің барлық санаттағы жеке құрамы тамашалады. Тиісінше, Жолдауда айтылған көптеген мәселелер жүйелі түрде іске асырылатын болса, мемлекетіміздің дамуы жалғаса береді деген ой түйдік.

Атап өтсек, кезекті Жолдаудан биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетіндігін Президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болып, бірақ қайта сайлануға тыйым салынатынын білдік. Сонымен қатар, 2023 жылы мәжіліс пен маслихат сайлауы ұйымдастырылып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді. Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өсіп, ұлттық қор табысының 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылатын болды. Одан бөлек, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланып, отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі. Одан бөлек, Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси және әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін атап өтіп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша біршама тапсырма жүктеді.

Мемлекеттің тұтастығы мен ұлт құндылықтарын сақтап қалу үшін ел бірлігінің маңызды екендігіне тоқталып, кешегі қаңтар қасіретін байланыстыра сөз сабақтаған мемлекет басшысы өз ұстанымындағы тарихи жауапкершіліктің салмағын да айқын аңғартты. Әсіресе, қаңтар оқиғасына қатысты тергеу амалдарына алаңдаушылық білдіріп, биліктің тек әділдікке жүгінетініне кепіл боларлық ойы көңілге медеу болды.

Ел Президентінің «халықтың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін көргім келеді» — деген сөзі азаматтық ұстаным мен көшбасшылық қасиет деп білемін.

 

Жандос КҮЛДЕРБАЕВ, подполковник, Түркістан облыстық қорғаныс істері

жөніндегі департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық

жұмыстары басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*