Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Зейнетке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Зейнетке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы әкесін межелі жасқа толуына байланысты зейнеткерлікке шығарып беремін деп, әбден сеніміне кірген. Осылайша одан ақы ретінде 100 000 теңгеден астам ақша алған. Алайда не ақшасын қайтармай, не берген уәдесін орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысын ашу үшін, қажетті жұмыстарды жүзеге асырды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жүрген, жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті жігіт оңай олжалы болу мақсатында осындай әрекеткен барған. Ол алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып, іс-құжаттар Жетісай аудандық сотына жолданды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтыққа тап болмас үшін, күмәнді қызмет ұсынатындардан сақ болуды ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*