Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Заңды білместік жауапкершіліктен құтқармайды

Заңды білместік жауапкершіліктен құтқармайды

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестер және басқармалардың іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облыстық Полиция департаменті мен Түркістан қалалық Полиция басқармасы құқық тәртібін жақсарту мақсатында іс-шара өткізді.
Шараға Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы, «Ontustik Qazaqstan» газетінің бас редакторы А.Балажан, Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі З.Чалданов, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкері полиция капитаны Марат Омаров, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның жұмысын ұйымдастыру және қадағалау тобының инспекторы полиция капитаны Көкаршын Қанат, Түркістан облысы Полиция департаментіне бағынысты айдауыл взводының арнайы топ полицейі, полиция кіші сержанты Сулайман Пірметов, Кентау қалалық полиция бөлімі ЖҚП УПИ полиция аға лейтенанты Мақсат Абдрей қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — «Заңды білместік жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиын кезінде тәртіп сақшылары арнайы мектептерге барып, оқушылармен жолда жүру қағидаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға жалпы ережелер жайлы толық айтылып, жолда жүру өздерінің өмірлерін сақтайтындығын ескертіп өтті.
Полицейлер тұрғындарға қаланың үлкен көшелерінде, базар аумағында үлкен жолдардан жаяу жүргіншілер жолы арқылы өтуі ескертілді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*