Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Қорғау» бағдарламасы арқылы 6,5 миллион теңге айыппұлы бар автокөлік анықталды

«Қорғау» бағдарламасы арқылы 6,5 миллион теңге айыппұлы бар автокөлік анықталды

Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіп бұзушыларды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Мәселен жыл басынан бері полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен, берешектері мен әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарған 20-дан астам автокөлік иесін анықтады.
Соның бірін атап өтсек, жақында Жедел басқару орталығына Шымкент қаласының жеке сот орындаушысынан «Тойота Камри» маркалы автокөлікті анықтауға көмек көрсету туралы сұрау түсті.
Белгілі болғандай, бұл көлік иесі 6,5 миллион теңге көлеміндегі қарызын төлемей жүрген. Полицейлер сол күні-ақ аталған автокөліктің орналасқан жерін анықтау мақсатында бейнебақылау камералары арқылы іс-шаралар кешенін атқарды.
Нәтижесінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен күмәнді «Тойота Камри» автокөлігі анықталып, тоқтатылды.
Тәртіп сақшылары борышкердің автокөлігін айыптұраққа қойды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейнебақылау камераларын пайдалану «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*