Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер тұрғынның сеніп тапсырған мүлкін жаратқан күдіктіні анықтады

Полицейлер тұрғынның сеніп тапсырған мүлкін жаратқан күдіктіні анықтады

Тұрғынның сеніп тапсырған мүлкін жаратып, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген күдіктіні полицейлер анықтады. Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жеке мал шаруашылығындағы қоймасынан 6 тонна бидай, 6 тонна арпа мен 750 дана жоңышқаны жұмысшысы сатып жіберген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу» бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары хабарлама алысымен тез арада оқиға орнына шығып, тексерудің нәтижесінде күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады.
Полицейлер тексеру барысында, жәбірленуші ауызша келісім арқылы малдарына қарауға жас жігітті жұмысқа алған. Содан жас жігітке мүлкін сеніп тапсырып, өзі үйіне кеткен. Ал таңертең шаруашылыққа келгенінде, қоймадағы сеніп тапсырған мал азығының ұрланғанын көреді.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға барынша қырағы болып, өздерінің бағалы мал-мүліктерін кез келген таныс емес адамдарға сеніп тапсыруға болмайтынын ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*