Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАУДА

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАУДА

Шымкентте жұмыспен қамту орталығы жыл басынан 472 азаматты «Жастар практикасы» бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жолдады. Олар ай сайын 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде еңбекақымен қамтылып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыссыз жүрген жастар медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданған.
Мемлекеттік бағдарлама жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектеріне бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтап, біліктілігін шыңдауға мүмкіндік береді.
«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29-жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Айта кетсек, бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады. Шымкентте жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*