Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Ордабасылық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 20-дан астам шетел азаматын анықтады

Ордабасылық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 20-дан астам шетел азаматын анықтады

Қазақстан Республикасының ІІМ мен Түркістан облысы ПД нұсқауына сәйкес, осы жылдың қыркүйек айының 12-30 аралығында «Жалдамалы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау болып табылады.
Осы орайда Ордабасы АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен тиісті рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Ордабасы ауданында ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзған жалпы 24 шетел азаматы анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен «Заңсыз жұмыс жасағаны үшін» іс-құжаттар жинақталды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен «Шетел азаматтарын белгіленген мерзім ішінде уақытша тіркеуге қоймағаны үшін»-4, 519-баптың 1-бөлігімен «Шетел азаматтарын заңсыз жұмыс күшіне пайдаланғаны үшін»-5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*