Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жетісайлық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде

Жетісайлық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде

Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жанна Шалбекова, медицина және психолог мамандарымен бірге түрлі мекемелерде кездесулер ұйымдастыруда.
Жалпы шараның мақсаты – ерте жүктілік, отбасында әлімжеттікке тап болатындардың санын азайту, оларға көмек көрсету.
Ұйымдастырушылар кездесу жиынына мектеп ұстаздарын, оқушылар мен ата-аналарды шақырып, оларға арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары, әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстарға қатысты толық ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар осындай жағдайға тап болған кезде, атқарылу керек шараларды ортаға салып, кеңес берілді.
Полицейлер оқушылар мен ата-аналар тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта да 8-11 сыныптар арасында бұндай жиындарды жалғастыратынын жеткізді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға досыңызға, жақыныңызға қандай да бір әдіспен қауіп төнгенін білсеңіз, дереу 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*