Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысының полицейлері шетелдік көліктерді тіркеу бойынша жүргізушілерге түсіндірме жүргізді

Түркістан облысының полицейлері шетелдік көліктерді тіркеу бойынша жүргізушілерге түсіндірме жүргізді

Бүгін күнделікті жол қозғалысын қадағалап, патрульдеуге шыққан Түркістан ҚПБ Патрульдік полиция тобының инспекторлары, жүргізушілерге шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар барлық автокөлік иелерін, жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Нақтырақ айтсақ, ҚР Президенті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында, Үкіметке биылғы 1 қыркүйекке дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыруды тапсырған болатын. Сондай-ақ алғашқы тіркеу және утилизацияға жіберу үшін төлем құны 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс екенін баса назарға алуды жүктеген. Осы тапсырманы орындау үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, шетелдік автокөліктерді ыңғайлы жағдайда заңдастыруға мүмкіндік беретін Заң жобасын әзірлеуде. Яғни Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер енгізілмек.
Бұл жайында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Тастанбеков: «Шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша кодекстерге түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Өздеріңіз естіп, көріп отырған боларсыздар, елімізге осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктердің тізімі жасалып қойды. Ендігі кезекте бұл автокөліктердің барлығын заңдастыруға болады. Тіркелген көліктерге қарапайым ақ нөмірлер беріледі.
Қазіргі уақытта ҚР ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар, автокөліктерді заңдастырудың қарапайым әрі оңай тәсілдерін әзірлеуде. Ал 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер заңдастыруға жатпайды»-деп атап өтті.
Сол себепті шетел нөмірлі көлігіңізді тіркеп, заңға сәйкес қазақстандық етіп, құжаттандыруды сұраймыз! Бүгінгі күні бұл мәселе, яғни автокөліктерді заңдастыру жөніндегі тапсырманың орындалуы басты міндет болып табылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*