Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер Түркістан қаласының студенттеріне есірткінің зияны туралы айтты

Полицейлер Түркістан қаласының студенттеріне есірткінің зияны туралы айтты

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу аясында, көпсалалы колледж студенттерімен кездесті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл Дәурен Сартаев, нарколог-дәрігер Ақан Сайдуллаев, оқу орнының активі мен студенттері қатысты.
Негізгі мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, адамгершілік құндылықтар мен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тарту және есірткіге қарсы тұрақты ұстанымды қалыптастыру.
Кездесуді ұйымдастырушылар жастармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, есірткі мен психотроптық заттарды тұтынудың зияны, олардың адам денсаулығына қандай қауіп төндіретіні туралы айтты. Тәртіп сақшылары студенттерді есірткінің заңсыз айналымы саласындағы ҚР заңнамасымен таныстырып, есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу жағдайындағы қылмыстық жауапкершілік барын ескертті. Сонымен қатар есірткіні қолданудың салдары туралы бейнероликтер көрсетіліп, есірткіге қарсы тақырып бойынша буклеттер таратылды.
Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ жастар «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында өткізілген кездесу үшін алғыс айтып, салауатты өмір салтын ұстанатындарын атап өтті.
Полиция подполковнигі Дәурен Сартаев, нашақорлықтың алдын алу мен оған қарсы тұруға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Тәртіп сақшылары жастарды жаман әдеттерден бас тартуға және есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланбауға шақырады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*