Жыл сайын Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары, браконьерлікпен күрес, экологиялық қылмыстар мен табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған түрлі жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.
Сонымен қатар полицейлер рейдтік іс-шаралар кезінде заңсыз айналымнан тіркелмеген 16 дана аңшы мылтығын тәркілеп алды. Сондай-ақ аң аулау ережелерін бұзудың 80-нен астам дерегін анықтады. Оның ішінде 32 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі «Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қалғандарына ескерту берілді.
Мәселен мүдделі органдармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында, жыл басынан бері браконьерлікке байланысты 2 экологиялық қылмыс тіркелген.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға табиғатты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын қатаң сақтауды ұсынады. Егер де, сіз, осындай құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Главная » Әлеумет » Түркістан облысының полицейлері аң аулау ережесін бұзудың 80-нен астам жайты анықтады