Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Фермадағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Фермадағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Түлкібас АПБ-ға аудандағы ауылдардың бірінің жанында орналасқан фермада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің 10-нан астам полиция қызметкері, өрт сөндірушілер мен прокуратура өкілдері шықты.
Тексеру барысында анықталғандай, 18.09.2022 жылы таңғы сағат 3:30 шамасында жергілікті тұрғындардың фермасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Салдарынан шөп қоры сақталған екі сарай өртенген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шығын көлемі анықталуда.
Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Бүгінде орын алған оқыс оқиғаны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олармен өрттің нақты себептерін айқындау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*