Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан қаласына ҚР ІІМ-нің орынбасары Ержан Саденов қызметтік іссапармен барды

Түркістан қаласына ҚР ІІМ-нің орынбасары Ержан Саденов қызметтік іссапармен барды

Қасиетті мекенге келген құрметті қонақты Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қарсы алды. Е.Саденов қызметтік сапарын департаменттегі арнайы мақсаттағы қызметтік көліктерді тексеріп, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бақылаудан бастады. Одан кейін Жедел басқару орталығының қызметімен танысты. Сондай-ақ жаңадан іске қосылған «Қорғау» бағдарламасының жұмысын қадағалады. Мұнда ЖБО-ның бастығы полиция подполковнигі С.Бахтығалиев:
«Түркістан облысында 1400-ден астам бейнебақылау камерасы бар, оның 1126-сы Жедел басқару орталығына қосылған. Жыл басынан бері осы камералардың көмегімен 63 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 115 қылмыс ізі суымай ашылды. Ал» Қорғау» бағдарламасымен қарқынды жұмыс жасалуда деп айта аламыз. Мәселен айыптұраққа 1100-ден аса көлік қойылды. Жалған мемлекеттік нөмір таққан 21 көлік анықталды. Темір тұлпар тізгендеуге құқығы жоқ бола тұра, басқарған 104 дерек тіркелді. Жалпы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын сақтау, жол-көлік оқиғаларын азайтуда бейнекамералар өз септігін тигізуде. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстағы 951 мектепке 11 мыңнан астам камера арнатылды. Оның 5 мыңнан астамы ЖБО-ға қосылған. Одан бөлек мектептерге 515 дабыл батырмасы қойылды»-деп атап өтті.
Одан соң полиция генерал-майоры Е.Саденов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен кездесу өткізді. Мұнда ІІМ-нің орынбасары, Мемлекет басшысының 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен айтылды. Ондағы Ішкі істер министрлігіне қатысты айтылған тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізіп:
«Жолдаудағы бесінші бағдар «Заң және тәртіп», бұл — тікелей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға бағытталған. Елімізде алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы, басқа да қылмыстарды болдырмау, алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыру қажет. Әсіресе профилактикалық іс-шараларды көбейтіп, құқық бұзушыларды қатаң бақылауға алыңыздар. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыруды да күн тәртібінен түсірмеңіздер! Ашық, қолжетімді полиция қағидатын іске асырып, «Жаңа қазақстанды» құруда бірлесіп қызмет етейік!»-деп атап өтті.
Бұл бойынша Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов, жедел шаралар уақтылы іске асып, Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар нәтижелі атқарылатынын жеткізді.
Өз кезегінде жеке құрам Жолдауға қолдау білдіріп, қарқынды қызмет етуге уәде етті. Кездесуден кейін іссапар, облыс орталығындағы маңызды нысандарды аралаумен жалғасын тапты. Сонымен қатар ҚР ІІМ-нің орынбасары Е. Саденов, Полиция департаментінің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Полицейлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*